Америкалық басылым Украинадағы соғыстың аяқталуының үш сценарийін сипаттап берді
Америкалық журналист Томас Фридман The New York Times журналында жазған мақаласында Украинадағы соғыстың аяқталуының үш сценарийін сипаттап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі УНИАН басылымына сілтеме жасап.
Бірінші сценарий ең қатерлісі деп атауға болады. Украинада жүріп жатқан арнайы операция Еуропада Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейінгі ең үлкен әскери қылмысқа әкеп соғуы мүмкін. Маман Владимир Путинді тоқтату мүмкін болмаса, оның Украинаны Жер бетінен жойып жіберуге тырысатынын айтты.
"Қазіргі заманауи әлемде мұндай деңгейдегі әскери қылмыста айыпталған көшбасшыны кездестірмеген. Путиннің басқаруындағы Ресей 11 сағат белдемімен шектеседі, мұнай мен газ тасымалдайтын ірі мемлекеттердің бірі және ядролық қару ең көп ел", - деп жазды Фридман.
Екінші сценарийге сәйкес, Ресейге қарсы экономикалық санкциялар әсер етіп, екі елді де келісімге келуге мәжбүрлейді. Алайда бұл орындалуы ең төмен сценарий екен.
"Атыс тоқтату үшін Украинаның шығыс бөлігі Ресейге беріледі. Ал Украина ашық түрде НАТО-ға ешқана кірмеуге уәде береді. Ал АҚШ және оның серіктестері барлық санкцияларды алып тастайды", - деп болжады сарапшы.
Фридманның сөзінше, бұл нұсқа іске асуы үшін Путин Украинаға қатысты құрған жоспарының орындалмайтынын түсінуі керек екен.
Үшінші сценарийдің орындалу ықтималдығы төмен. Болжамға сәйкес ресейліктер Путинді алып тастау үшін бас көтереді.
"Қазір Путин бастаған соғысқа қарсы мыңдаған адам көшеге шығуда. Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп отыр. Бұлай айтуға әлі ерте, дегенмен мұндай қозғалыс қорқынышты жеңіп, Путиннің билігіне жаппай қарсы шығуға итермелуі мүмкін", - деп жазды мақала авторы.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей мен Украина арасында үшінші келіссөз өткені туралы хабарлаған едік. Келіссөз нәтижесінде екі ел нақты шешімге қол жеткізе алмады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
