Америкада 19 жастағы жүкті келіншекті фотосессия жасап жатқан кезде пойыз басып кетті
Қайғылы оқиға Техас штатындағы Навасота қаласында болған. 19 жастағы студент Фредзания Томпсонды жүк пойызы басып кеткен.
Бұл туралы Dallas News хабарлайды.
Модель болуды армандаған қыз фотосессия жасау кезінде пойыз астына түсіп қалған. Оқиға 10 наурыз күні орын алды.
Қыз теміржол рельсінің қиылысқан тұсында тұрған. Ал оны фотограф суретке түсіріп жатыпты. Алдын ала деректер бойынша, қыз келе жатқан пойызды көріп, басқа жолға өте бастаған.
Алайда қыз байқамай қалған басқа пойыз қарсы бағытта келе жатқан екен. Машинист тежегішті басып үлгере алмай, жүк пойызы қызды жаншып өтеді.
Қыз ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмады. Күйеуі 25 жастағы Дарнелл Чатманның айтуынша, келіншегі бірер апта бұрын ғана жүкті екенін білген екен.
Талқылау