Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Amazon негізін қалаушысының бұрынғы әйелі миллиондаған долларды жайдан-жай бере салды

Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі, әлемдегі ең бай әйелдердің бірі Маккензи Скотт қайырымдылыққа сегіз миллион доллар берді. Тертл-Маунтин қоғамдық колледжі ақшаны ешқандай шартсыз алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мектепте шамамен 500 студент бар, олардың 95 пайызы жергілікті американдықтар. Колледж басшысы Донна Браун сома туралы білгенде қандай әсерде болғанын айтты:

"Естігенде көлік айдап келе жатқанмын. Жол жиегіне тоқтауға тура келді. Таңғалғаннан аузым ашылып қалды. Біз бұған дейін алған ең үлкен сомма 300 мың долларды еді. Сондықтан 8 миллион доллар алу керемет болды"- дейді ол.

Ақша магистрлік бағдарламаны және тұрмыстық қажеттіліктерді дамытуға жұмсалады.

Талқылау