AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аманат" партиясының логотипі жарияланды

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия атауының ресми түрде өзгергенін мәлімдеді. Сондай-ақ, атауы өзгерген "Аманат" партиясының жаңа логотипі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оралов партияның кезектен тыс 22-ші Съезі онлайн форматта өткенін, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысқанын атап өтті.
"Тура 23 жыл бұрын 1 наурызда партияның құрылтай Съезі өткенін білесіздер. Дәл осы күнге орайластырылған бүгінгі жиынның партия тарихындағы орны бөлек.

Себебі біз бүгін Партия Төрағасының 28 қаңтарда өткен Съезде модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарламаны талқыладық, оны Съезд делегаттары бірауыздан мақұлдады", – деді ол.



Естеріңізде болса, бұған дейін Ерлан Қошанов партия атауын "AMANAT" деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Ұсынысты партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. 

"Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді", – деді Оралов.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр