Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

AMANAT партиясының Саяси кеңесі бюросының құрамы өзгерді

"AMANAT" партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы Саяси кеңесі Бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;

Асхат Раздықұлы Оралов – "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы;

Максим Николаевич Рожин – Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті.

Осылайша, "AMANAT" партиясының Саяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.

Айнұр Мұхади
Жұма, 11 Наурыз, 2022 10:49
Талқылау