Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алжир билігі Израильге соғыс жариялауға дайын екенін хабарлады

Алжир парламенті ел президенті Абделмаджид Теббунге Израильге соғыс жариялау құқығын беру бастамасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі albawaba.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды

Бүгін түстен кейін Алжир президенті халыққа үндеу жасайды деп күтілуде. Бірқатар араб пабликтері Алжир ұлттық халық армиясының қазірдің өзінде жоғары дайындық режиміне көшкені туралы ақпарат таратты. Мәлімет бойынша, оларда 200 мыңнан астам әскери қызметкер мен 185 Т-90С танкі бар. Мемлекетті Израильден Ливия мен Мысыр елдері бөліп тұрғандықтан, Алжидің әскери операцияларды қалай жоспарлап отырғаны әзірге беймәлім.

Айта кетейік, бұған дейін Йемендегі "Ансар Алла" хуситтер тобының өкілі Яхья Сариа Израильге ресми түрде соғыс жариялап, Палестина халқын қолдауға бағытталған әскери операцияның басталғанын мәлімдеген еді. 

Талқылау