Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алуа Қонарова бет-аузы көгерген “RinGo” әншісіне іздеу салды (видео)

Алуа Қонарова қарамағындағы “RinGo” тобының әншісі Батыр Байназаровқа іздеу салды. Продюсер Батырдың бет-аузы көгерген күйде елге жолдаған видеосын жариялады.

батыр байназаров 1808

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер Батырды көрген-білген жандар болса, хабар беруін өтінді. Ал видеода “RinGo” тобының әншісі:

“Мен Батыр Байназаров, 1985 жылы туғанмын. Мен жоғалып кеттім, жақындарымды таппай жүрмін. Мені таныған жандар болса, көмектесіңіздерші”, – дейді.

Бұдан өзге, әнші күн сайын таяқ жейтінін айтып, шағымданды.

Кто знает местонахождение Батыра, пишите в комментариях

Публикация от Alua Konarova (@aluakonarova)

Өз кезегінде жанкүйерлер мұның рас-өтірігіне сенер-сенбесін білмей отыр. Олардың бір тобы Батырдың аман-саулығына алаңдаушылық білдірсе, екіншілер видеоның телехикая кадрынан алынғанын алға тартып жатыр.

Айта кетейік, әнші ретінде танылған Батыр соңғы кездері әріптестерінің бейнебаяндары мен отандық телехикаяларда бой көрсетіп жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан күйеуге шығатынын мәлімдеді

Сиви Махмұди Анталиядағы үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Мейрамбек Бесбаев “немерелі” болды

Гүлзира Айдарбекова жаңа келіні жайында бар шындықты ашып айтты

STAN.KZ
Жұма, 18 Тамыз, 2017 12:37
Талқылау