Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Есболатова соғыс жылдары паровоз қазандығына күніне 8 тоннадан 16 тоннаға дейін көмір салған

Жеңісті жақындатуға қазақ қыздары да бір кісідей атсалысты. Солардың бірі Талдықорған өңірінің жұртшылығы «Паравоз апа» атап кеткен Алтынай Есболатова.

87609_2_resized_595x334_1

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Соғыс уақытында әскери эшалонда от жағушы болған. Күніне 8 тоннадан 16 тоннаға дейін паравоздың қазандығына көмір салған.

«Бізді Алматыдан іріктеп алып, соғысқа барасың ба деп сұрады. Ол қиыншылық уақытта кім бармаймын деп айтсын. Барамын дедім. Себебі, транспортта жұмыс істейтіндер әйел, еркек деп бөлінбейтін еді. Бәріне бірдей тәртіп болды. Содан әуелде кондуктор едім. Кейін от  жағушы қызметкеріміз жараланып, соның жұмысын қатар алып жүрдім. Бресттен Германияға дейін бардық.

«Басқа түссе, баспақшыл», дейді ғой қазақ. Ол кезде «мен мұны істей алмаймын» деген сөз болмайтын»,-дейді Алтынай апа. Тележүргізушінің қорықпадыңыз ба деген сауалына, Алтынай апа:  «Соғысқа алғаш кірген кезде қорқыныш әрине, болады. Бірақ, уақыт өте келе адамның еті үйреніп кетеді екен. Кейін адам өліп жатса мән бермейсің. Себебі, сарбаздар шөп сияқты өліп жатыр, оның қайсысына жылайсың…»,-дейді.

Тағы да оқыңыз:

Қырғыз зообағынан қашқан қасқырды атып тастады (видео)

Қайрат Рысқұлбековті өлер алдында соңғы рет көрген түрме қызметкерінің әңгімесі

Ақтөбеде кәсіпкер 10 жасар қызға сыйға тартқан пәтерге талас басталды

Талқылау