Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты (фото)

Өз тілінде ғана емес, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін қазақ қызы үнді азаматымен отау құрды. Бойжеткен өзінің бақытта екенін айтады.

_c2d565d2-475a-11e6-9d20-c966aaf5b9b8

Сурет: hindustantimes.com

34 жастағы қазақ қызы Жанна Шалабаева 24 жастағы үнділік Тину Джанграға тұрмысқа шыққан.

Бойжеткен Тинуды Сауд Арабиясында жолықтырған. Тину ол елде жұмыс істеп жүрген. Ал, Жанна оқуға барған.

з

29 мамыр күні екеуі үнді салтына сай некесін қиған. Енді виза мерзімін ұзарту мәселесімен жүр.

Жанна жаңа отбасында бақытты екенін, қайын жұрты оған түсіністікпен қарап, қолдап отыратынын, өзінің жар таңдауда қателеспегенін айтады.

л

Ал, үнді күйеужігіт 6 тіл білетін жарының үнді тілін де тез үйреніп алатынына сенімді.

«Жанна ана тілінен бөлек ағылшын, парсы, француз тілдерін біледі. Енді оның үнді тілін үйреніп алатынына шүбәм жоқ», – дейді Тину.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы мен қара нәсілді жігіттің үйлену тойы жұртты ашуландырды (видео)

Үндістанда бес жасар қызды тұрмысқа берді (видео)

Талқылау