Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынның биржадағы бағасы тарихи рекорд орнатты

(Фото_ Shutterstock) алтынФото: Shutterstock.com

Алтын нарығында тарихи оқиға тіркеліп, бағалы металлдың биржадағы бағасы алғаш рет бір трой унциясы үшін 4400 доллар межесінен асып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

18 желтоқсанда алтынның биржалық бағасы тарихи рекордты жаңартып, тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 4400 доллар (2 266 000 теңге) межесінен жоғары көтерілді. 

KASE мәліметінше, Астана уақытымен 21:17-дегі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның ақпан айына арналған фьючерсінің бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 28,95 долларға (14 909,25 теңге) немесе 0,66% өсіп, бір трой унциясы үшін 4 402,85 долларды болды. Осылайша, алтын бағасы тарихта алғаш рет 4400 доллар деңгейінен жоғары болды.

Қазақстанда Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 18 желтоқсанда алтынның бағасы 71 347,99 теңге болған еді.


Әйел зергерлік дүкенде алтынның бағасын естіп, есінен танып қалды


Доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады


Еске салайық, бұған дейін Stan.kz алтын бағасының күрт қымбаттауы, оның себептері мен инвестиция ретінде тиімділігі туралы жазған еді. Сарапшылар жаһандық қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен геосаяси ахуалдың алтынға сұранысты арттырып отырғанын атап өткен. Мамандардың пікірінше, алтын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде өзектілігін сақтайды, алайда қысқа мерзімде баға құбылуы мүмкін.

Айым Атамбаева
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 09:40