Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ

Жақында танымал әнші Алтынай Жорабаеваның шаңырағында той болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің қызы тұрмысқа шықпақ. Қуанышты жаңалықты тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ. Жағымды жаңалықпен әншінің өзі бөлісті. Құтты болсын!” – деп жазды тележүргізуші.
Журналист жазбасының астына видео жүктеген. Кадрлардан жігіттің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған сәттерін көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын айтқаны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"