"Алтын өндіруге рұқсат беру үшін 4,5 миллион теңге сұраған": ШҚО-да облыстық экология департаментінің басшысы сотталды
Шығыс Қазақстан облысында облыстық экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде ақша сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д.Әлиевке, жергілікті тұрғын М.Журкабаевқа және кәсіпкер К.Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.
“Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны 1 жыл 6 айға, кәсіпкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
-
"Елде жемқорлық өршігенін айтқан": Марқұм Шерзат Полатқа рэп арнаған блогер айыппұл арқалады (видео)
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Алдын алу шаралары шеңберінде үкімді жариялау Экология комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режимде өткен.