Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алты қыз жабылып ұрған”: Астанада соққыға жығылған оқушы өзіне қол салмақ болды

Астанада соққыға жығылған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

НеМолчиKZ қоғамдық қоры топтық соққыға жығылған 14 жасар қыздың анасының үндеуін жариялады. Болған оқиғадан кейін жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

25 тамыз күні алты қыз жабылып жәбірленушіні соққыға жыққан. Бұл үшін олар қызды қираған ғимаратқа апарыпты.

“Бетінен ұрған, қыз қарсылық білдіре алмады. Өйткені алты қыз жабылып ұрған. Қызды камера жоқ жерде ұрған”, – дейді НеМолчиKZ қоры.

Жасөспірімдер 1,5 сағат бойы қызды ұрып-соққан. Осыдан кейін ол 30-қабатқа көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ үйіне оралып, құрбысына барлығын айтып берген. Келесі күні ол оқиғаны анасына айтып берді. Анасы оқиға орнынан видео түсіріп, полицияға арыз түсірді.


"Өкпемнен ұрды": Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттан қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)


Нәтижесінде, сот-медициналық сараптамасы қыздың денесінде соққының іздерін анықтаған.

“Тергеуші іске қатысты қыздың анасына да, қорғаушыға да ақпарат бермеген. Іс тоқтатылған. Полиция бұл істі елеусіз қалдырды", – деп түйіндеді НеМолчиKZ.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандар анықталғанын хабарлады.

"Ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер жауапқа тартылды. Сонымен қатар, жинақталған материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының қарауына жіберілді", – деп түсіндірді полиция департаменті өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы автобустардың бірінде әлдекімдер жасөспірімді соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау