Алматыдағы таудан көзін зақымдаған альпинист құтқарылды
Алматыда тауда көзі көрмей қалған альпинист құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 қаңтарда Кіші Алматы шатқалында орын алған.
"Солтүстік жотаның бойымен Мәншүк Мәметова шыңына Кіші Алматы шатқалында оқу- жаттығу барысында альпинистердің бірінің көзіне қатты аяз зақым келтіріп, салдарынан көре алмай қалған" , - деді құтқарушылар.
Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсеткен. "Тұйық-Су" альпинистік лагерінің нұсқаушылары мен Алматы альпинизм федерациясының спортшылары шұғыл түрде Тұйық Су шатқалына альпинистті түсірді.
"Қазіргі уақытта альпинисттің көру қабілеті жартылай қалпына келтірілді. Алдағы уақытта оның денсаулық жағдайын тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер қадағалайтын болады", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Еске салайық, бұған дейін Көкжайлаудан сырғанамақ болған ер адам жарақат алғаны жайлы айтылған еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
