Алматылықтар Өзбекстан елшілігіне гүл шоқтарын әкелуде
Алматыда тұрғындар Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты Қазақстандағы Өзбекстан республикасы елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын әкелуде,- деп хабарлады «Қазақпарат» тілшісі.
Таңғы жетіден бастап Алматы тұрғындары мен қонақтары Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын әкеліп, көңіл айту кітабына жазба қалдыруда.
«Біздің Отанымыз, күллі өзбек халқы орны толмайтын, ауыр қазаны бастан өткеруде. 2016 жылғы 2 қыркүйекте ауыр аурудан кейін көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Абдуганиевич Каримов дүниеден өтті», – деп жазды Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Икром Назаров.
Талқылау