Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық бизнесмен 29 млн теңгеге музыка мектебіне жаңа спорт алаңын салып берді

Алматыда бизнесмен «Туған жер» бағдарламасы аясында К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатына жаңа спорт алаңын салып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

20170504190154

«Тәуелсіздік жылдары қазақстандық бизнес айтарлықтай нығайды, соның арқасында бүгінгі күні нақтылы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыра алады. Президенттің «Туған жер» бағдарламасына қолдау білдіре отырып, біз мектепке жаңа спорт алаңын сыйлауды ұйғардық. Оқушылар бұдан былай тек шығармашылық байқауларда ғана емес, спорттық додаларда да жеңіске жетсін», –  деді кәсіпкер Ерболат Қасымов.

Оқу орнының директоры Оңдасын Абдуллаев шығармашылық пәндер бойынша күніне 5 сағат дайындалатын балаларға дене шынықтырумен айналысудың маңызды зор екенін айтты.

Жаңа спорт кешені жобасының құны 29 млн. теңге.

Айта кетейік, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебі 1948 жылы ашылған. Мектептің оқу корпусы 480 оқушыға арналған, мектеп жанындағы  интернатта 110 оқушы тұрады, балаларға 187 педагог дәріс береді.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханаға түсіп қалды

Қытайлық әйел такси жүргізушісінің жол үстінде жасаған жыныстық дөрекі әрекетін видеоға түсіріп алған

БҚО-да 70 жастағы қария шыны бөтелкелерден аула салған (фото)

Талқылау