Алматылық әйел танымал супермаркетте жылытқыштың жарылуынан көз жұмды (видео)

Жаңа жылдың қарсаңында алматыдағы «Арзан» супермаркеттерінің бірінің күзетшілерге арналған бөлмесінде жылытқыш жарылған. Осы кезде Майра Адаева сол жерде болған екен. Оның денесінің 80 пайызы күйіп қалып, бірнеше күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болған, деп жазады «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматылық әйел танымал супермаркетте жылытқыштың жарылуынан көз жұмды (видео)

Майра Адаеваның қызы Айжан Нағашыбаеваның айтуынша, сол кеште анасы жұмыс істемеуі керек болған. Ол өз ауысымында жұмыс істеп болғанымен, екінші тәулікке қалуын сұраған екен. Қызының сөзінше, супермаркеттегілер Майраның өзі қосымша ақша алу үшін екінші тәулікке қалғысы келгенін айтыпты.
Алайда Айжан анасына тағы бір ауысымда жұмыс істеуге рұқсат берілмеуі керек екеніне сенімді. Себебі қатарынан 48 сағат жұмыс істеуге тыйым салынған.

Артынша Айжан бейнебақылау камерасындағы жазбаны алған. Айтуынша, бөлмеде жылу болмаған, ал дүкеннің іші суық екен. Оның анасы күзетшілерге арналған бөлмеге кіріп, бірер минутқа үстелге жантайған. Бұл кезде жылытқыш құрылғы оның жанында тұрыпты.

Бүгінде бойжеткеннің сұрағы көп: жылытқыш құрылғыны кім қосты, оны сол жерге кім қойды, жедел жәрдем қаншалықты тез келді, кім алғашқы көмек көрсетті, неліктен жылу жоқ жерде ақ жейдемен жүру керек?

Алайда ол өз сұрақтарының жауабын ала алмады. Оның қолындағы видео 3 минутқа ғана созылады. Қатты ыстықтан камера істемей қалған көрінеді.

Айжан анықтағандай, оқиғадан кейін анасын алып шығып, қарға жатқызған. Майра ауруханада 6 күн жатыпты. Осы уақыт бойы оның жағдайы ауыр болған. Алайда дәрігерлер оның организмі мықты екенін және берілмейтінін айтқан. Өкінішке орай, әйел 30 желтоқсанда қайтыс болды.

Қызының айтуынша, ол жерлеу рәсімі кезінде анасының аяғын ұстап көріпті. Сөйтсе, анасының аяғы толықтай жанып кеткен екен. Тек қу сүйегі қалған.

Марқұмның қазасынан кейін 2 ай өтсе де, кімнің кінәлі екені әлі белгісіз. Айжан шындықты жасырып отырғанына сенімді. Алайда көкейіндені сұрақтардың жауабын таба алмай жүр. Оның сөзінше, ағасы Бостандық ауданының ІІБ-на арыз жазған. Полиция тергеуді бастап, жылытқыш құралды сараптамаға алыпты.

Бүгінде Айжан отбасын жалғыз өзі асырап отыр. Сондықтан ол өтемақыға қол жеткізгісі келеді. Өзі көлік жуатын жерде әкімші болып жұмыс істейді. Алатын жалақысы көп болмағанымен, тұрақты.
Ал отағасы науқас болғандықтан, жұмыс істей алмайды екен. Ағасының да табысы тұрақты емес.

Сонымен қатар отбасында мектепте оқитын тағы бір қыз бар. Дүкен әкімшілігі оның күтімі үшін кәмелет жасқа толғанша ай сайын 20 мың теңге беруге уәде етіпті. Анам екеуіміз табыс тауып келген едік, енді қиналып қалдық, дейді Айжан

Ал «Арзан» супермаркетіндегілер оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып, тергеу аяқталғанша жақ ашпайтындарын айтты. Десе де дүкендегілер Майраның өз қызметкері болмағанын айтты. Себебі күзет қызметін басқа фирма ұсынады, дейді.

Айжанның сөзінше, анасы «Отряд 001» күзет агенттігінде жұмыс істеген. Ол жердегілер де байланысқа шығудан қашып отыр.

Бостандық аудандық ІІБ оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, алайда мән-жайы Алматы прокуратурасының рұқсатымен айтылатынын жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр