Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жер асты өткелдері мен аспалы көпірлер ең қауіпті орындарға айналған

Алматыдағы жер асты өткелдері мен аспалы көпірлер қараңғы, қоқысқа толы, халыққа қорқынышты.

аспалы жол

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қараусыз қалған нысандарды маскүнемдер мен қаңғыбастар паналап, тұрақты мекендеріне айналдырып алған. Әсіресе, оқушылар мен кешкілік жұмыстан қайтатын азаматтар үшін онымен жүру тіпті қауіпті.

Тасмағамбетов пен Есімовтың тұсында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік кептелістерін азайту үшін аспалы көпірлер мен жол асты өткелдері көптеп салынған болатын. Алайда қараусыз қалған бұл нысандар бүгінде қаскөйлердің құтты орнына айналған. Дуалдары қақырап, жарығы жоқ бұл мекен зорлық-зомбылық пен ұрлық-қарлыққа жол салатындай үрей шақырады.

Жаяу жүргіншілер қаладағы жер асты өткелдерімен жүруге жүрексінеді. Тас қараңғы қапаста мынандай жарығыңды жағып, жүрегіңді шүберекке түйіп өтуге мәжбүрсің. Себебі қоқыстан көзі ашылмайтын өткелдердің ішін ұрылар мен қаңғыбастар әу бастан-ақ паналап алған. Бұл аздай, қолқаны қауып тұрған күлімсіз иісті сезбес үшін, тұмшаланып, мұрныңды бітеп өтуге тура келеді.

Жаңа соғылған аспалы жолдардың да жағдайы мәз емес. Нәрестелі келіншектер арбасын әупірімдеп шығарып, ерлердің көмегімен жерге қайта түсіріп жүр. Ал мүгедектерге арналған жетел сатының талқаны шығып, шаң басып жатыр.

Тек қана бұл емес, басқа да жақтардың барлығы осылай мусорға толып жатыр. Кешкісін қараңғыда өтсең кейбір өткелдерде светі жоқ, қараңғы болып тұрады, қорқасың өтуге.

Іші лас, адам жүреді ғой ол жерден мал емес. Нормально тазалап қойса болады. Ол жердің ауасын айту вообще не возможно. Ішінде мас адамдар, алқаштар өте көп. Түнде өтейін десең қорқасың.

Бүгінде Алматыда жүзден аса көпірлер мен жер асты жолдары бар. Қала тынысының ажырамас бөлігіне айналатын бұл нысандардың қақырап тұрғаны көңілге кірбің, ал соны байқамай отырған шенеуніктердің жұмысына үлкен сын.

Талқылау