Алматыдағы ҚазҰУ университетінде өрт шықты
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өрт шықты, салдарынан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 15.42 шамасында Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне куәгерлердің бірінен Бостандық ауданы әл-Фараби, 71 мекенжайындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық институтында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті», – деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт 5 шаршы метрді қамтыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Талқылау