Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы айуандықпен өлтірілген егіздердің ағасы жетімдер үйіне берілуі мүмкін

Бірақ көшеде қанғып жүрген жерінен қала тұрғындары тауып алған баланың  ешқандай құжаты жоқ. Үштер шамасында деп болжағанымен, нақты жасын да білу мүмкін болмай отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

9e1a471dea2b661419a65ec0680716da

Қазір ол нөмірі екінші балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Ал балақайдың анасы Алла Волченко мен оның азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмутдинов сәбилерді өлтірді деген күдікпен тергеліп жатыр. Өзбек азаматы егіздерді тұншықтырып тастағанын мойындады. Ол бұндай қылмысқа кішкентайлар жылап мазасын алған соң барғанын айтқан.

Сондай-ақ, қанішер сәбилердің анасына, мен бұларды өлтірем, сен үлкен ұлды алып сыртта жүре тұр деген екен. Сөйтіп, Алла Волченко болса үш жастағы тұңғышын “Самал” ықшамауданына ертіп барып, сол жерге тастап кеткен. Кейін бұл екеуі егіздердің денесін сөмкеге салып пәтерден-пәтерге қашып жүріпті. Тек мүрде иістене бастағанда жалдаған үйдің тоңазытқышына тығып, іздерін суытады. Мәйіттерді бірінші болып, көрші пәтердің тұрғындар тауып алған-ды.  Айта кетерлігі, екі күдіктінің арақтан ешқашан ауыздары құрғамаған. Әрі істеген қылмысына өкініп те отырған жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Баласын 5-қабаттан лақтырған әйел аналық құқынан айырылмақ

Баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген семейлік келіншек бұйрық секілді беймәлім дауысты естіген

Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

Талқылау