Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өш алу үшін өлім: Алматыда мектеп оқушысының өліміне байланысты 5 адам ұсталды

Алматыда 11 жастағы Өркенді өлтірді деген күдікпен оның өгей анасынан бөлек, өгей ағасы мен әпкесі де ұсталып отыр.

2017012313240824680_2017012218042091481_16177916_10864035148

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі таңда төрт күдікті ұсталды: Олар 1980 жылғы оның өгей анасы, 1995 жылы туған ер бала және қыз, 1997 жылғы ер бала. ҚР ҚК 99 және 125 баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті өз қылмысын жүзеге асыру үшін Шымкентте тұратын ұлын шақыртқан. Ол досымен бірге келген. Көмектері үшін әйел олардың әрқайсына 100 мың теңгеден уәде етіпті. Кейінірек іске күдіктінің қызы да араласқан. Бұл балалар оның бірінші некесінен.

Күдіктінің ұлы баланы бірнеше күн бойы аңдып, оның мектепке барып-қайтатын жолын зерттейді. 19 қаңтар күні сағат 13.40 шамасында күдіктілер оны мектептен қайтар жолда кезіктірген. Өркен оларды танитын болғандықтан, көлікке еш қиналмастан отырады. Баланы олар Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жалға алынған үйге алып барады. Қазіргі кезде сараптама қорытындысына сай, бала сол күні кешке қайтыс болан. Оған бірнеге пышақ жарақаты салынып, тұншықтырылған. Кейін іздерін жасыру үшін мәйітті орап, жертөлеге тастаған.

Осыдан соң Шымкенттен келген ұлы мен досы қашып кетуге талпынған. Алайда полиция дер кезінде әрекет етіп, оларды ұстайды.

Полицияға шағымданған Өркеннің әжесінің айтуынша, бала өте тәртіпті, жауапты болған. Ал баланы ұрлады және өлтірді деп күдікке ілінген өгей анасы ұзақ уақыт бойы өз кінәсін мойындамапты.

Қазіргі таңда алдын-ала белгілі болғандай әйел күйеуі мен енесіне ерегесіп, осы қылмысқа барған.

Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Талқылау