Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті
Көкшетауда “LADA Priora” көлігі жарық бағанына соғылып, екіге бөлініп қалды. Қатты соққыдан көлік ішінде отырған 25 жəне 32 жастағы екі жолаушы көз жұмды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға Көкшетау қаласында 14 қаңтарда шамамен сағат 16:30 орын алған. “Уəлиханов көшесінің бойында рөлге ие бола алмаған “LADA Priora” көлігінің жүргізушісі жарық бағанына соғылған. Осының салдарынан 1991 жылғы жолаушы оқиға орнында тіл қатпай кетсе, кейін тағы бір 1984 жылғы жолаушы ауруханада көз жұмды. Көлік жүргізушісі түрлі дене жарақтымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр”, деп түсіндірді полицейлер. Қазіргі кезде, ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қытай мейрамханасы адамның етін тамаққа қосқан болуы мүмкін (фото)
Гүлвира Дөненбаеваның шаш үлгісінен кейін желідегілер екі топқа бөлінді
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"