Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жылусыз қалған үйді су басты

Алматыда коммуналдық апат салдарынан жылусыз қалған үйді су басып кетті. Жылу берілгеннен кейін, жоғарғы қабаттың құбыры жарылып кеткен. Ыстық су бірінші қабатқа атқылап, тұрғындар үйден әзер шығып үлгерген.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Болтушевтар отбасының басына қиындық түсті. Үйдің төбесі құлаған. Коммуналдық апаттан кейін жылу берілген соң, үйді су басқан. Көршінің құбыры жарылып, ыстық су атқылаған. Соның зардабын Болтушевтар отбасы тартып отыр. Дәретхана мүлдем жойылып,  пәтер ішінде  аяқ алып жүретін жер жоқ.

Қабырғалар су болғандықтан жарықты өшіріп тастады. Пәтер иесі төрт жастағы үлкен ұлын туыстарының үйіне жіберген. Түнде ерлі-зайыптылар кезекпен ұйықтайды. «Құбырдың қай уақытта жарылып кететінін білмегендіктен, сақ жүруге тура келеді. Әуезов ауданы әкімдігі қәзірше жылу толқынын беріп қана көмектесті», – дейді әйел.

«Әкімшіліктен уақытша баспана сұрап едім, олар бас тартты. Тым болмаса жөндеу жұмыстарын жасап берсін деп өтіндім, бірақ әлі нәтиже жоқ. Су тигеннен жарамсыз болып қалған техникалық жабдықтарды өндіріп беруін сурадым.  Бірақ олар: «Өтемақыны көршілеріңізден сұраңыз деп бас тартты», – дейді Алматы қаласы Таугүл ықшам ауданының тұрғыны Алена Болтушева.

Дегенмен, су басып кеткеннен келген зардап шығынын кім өндіріп беретінін ешкім білмейді. Ал, әкімшілік болса үйдегі құбырдың жарылуы  қалалық апаттың салдарынан туындамағанын айтады. Олар ондаған үйдің жылусыз қалғанына көршілерін кінәлап отыр. Айтуларынша, құбыр жарылған пәтер иесі жылу құрылғыларын дұрыстап бекітпеген. Осылайша, өтемақы сияқты уақытша тұрғын үй мәселесі де жауапсыз қалады.

«Қосымша тұрғын үй әзірге жоқ. Бірақ біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мүмкіндігінше бұл үйге қатысты тез шешім қабылданатын болады», – дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Рахымбеков.

Заңгер Станислав Лопатин зардап шеккен отбасына ешкімді күтпей, дереу сотқа баруға кеңес берді. Сол жерде кімнің жауапты екенін анықтайды, дейді ол.

«Бірден бәрін сотқа берген дұрыс болар еді. Жөндеу жұмысын жүргізгендерді, көршілерін және жалпы үйді басқаратын органдардың бәрін сотқа берген дұрыс. Неғұрлым көп уақыт өтсе, бұл оқиға ұмытылып кетеді. Сонымен қатар, апат себептерін анықтау қиын болады. Кінәлі адамды табуға ұзақ уақыт кетеді. Сол уақытқа дейін Болтушевтар отбасы қай жерде түнейді екен?! Әр адам өзін қауіпсіз сезінгісі келеді. Бұл қалыпты жағдай. Мен олардың жалғыз қалмайтынына сенгім келеді», – дейді Станислав Лопатин.

Жіберіп алмаңыз:

ВИЧ жұқтырған әйел дәрігерлердің кесірінен ХҚКО-ға кіре алмай жүр  

Енді жас жұбайлар үйлесімділігін тексеретін тесттен өту міндеттелуі мүмкін 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды 

СҚО-да көмір жеткізетін 4 компанияға қатысты тексеру басталды  

 

Талқылау