Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды
Алматыда жоғалып кеткен 11 жасар Өркен Азаматұлы өлі күйінде табылды. Оны өлтірді деген күдікпен өгей анасы ұсталған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.
22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған. Оны өгей анасы уақытша жалға алып отырған екен. Алдын-ала деректер бойынша, бала тұншықтырылған, сондай-ақ, бірнеше пышақ жарақаты салынған. Ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті баланың денесін жалға алынған үйдің жертөлесінде орап қалдырған.
“Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдастырушыдан бөлек, тағы төрт адам ұсталды. Олар баланы ұрлап әкетті және өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Олар Алматы шекарасынан шығып қашып кетпекші болған. Алмалы аудандық полиция басқармасы баланың өлімін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасын тағайындады. Ұсталғандар қамауға алынды. Зерттеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)
Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)