Алматыда жоғалған 2 жасар бала өз үйінің дәретханасынан табылды
Алматыдағы “Шаңырақ-2” ықшамауданында екі күннен бері іздестіріліп жатқан баланың өлі денесі өз үйінің дәретханасынан табылды,-деп жазды Stan.kz сайты.
Полиция қызметкерлері күні-түні іздеген баланы болуы мүмкін деген жерлердің бәрінен қарап шыққан. Соңында, ауладағы дәретхананы тарттыруды ойлаған.
“Полиция қызметкерлері барлық жерді тінтіп шықты. бала кетіп қалуы мүмкін деген сай, жағалау, ауыл арасын. бірнеше болжам жасалып соның барлығы тексерілді. ауладағы дәретханаға түсіп кеткен болуы мүмкін деген болжамды тексеру барысында баланың денесі табылды”,-деді Алматы қаласы ІІД баспасөз өкілі Салтанат Әзірбек.
Баспана жалдап тұратын көршілері бала жоғалған күннен бері сол дәретхананы пайдаланып жүргендерін, ешкім ештеңе байқамағанын айтып отыр.
” Анасы баланы 5 айлығынан бастап жалғыз асырап келеді. Әйел анасы мен ұлын Алматыға алып келгеніне бір апта уақыт болған еді. Ертеңгісін сағат 9-шамасында баланы нағашы апасы есіктің алдына тосқан. Содан өзі үйге кіріп кетіпті. Міне сол кезден бастап баланы ешкім көрмеген”,-дейді Дана Әділ деген Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны.
Оқи отырыңыз:
Қазақ азаматы АҚШ-тың әйгілі ғарыш агенттігі NASA-да жұмыс істейді
Алматы тұрғыны үйінде арзан виски мен коньякты араластырып құны қымбат ішімдік әзірлеп сатқан
Қуат Хамитов: Мені неге бейшаралар ғана жекпе-жекке шақырады?