Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

Тәртіп сақшылары мен сот орындаушыларының ескеруімен бұл орындар бұған дейін анықталған. Полицейлер бұған қатысты соттың шешімімен әр ғимаратқа айыппұл салынып, әр түрлі мерзімге жабылған болатын, деп хабарлайды Stan.kz Алматы қаласы ІІД-нің полиция қызметіне сілтеме жасай отырып.

аа

«Жыл басынан бері қызметкерлер жезөкшелікпен айналысатын орындар жөнінде 99 істі тіркеді. Оның ішінде 91-і пәтер, 8-і қонақүй. Заңға сәйкес мұндай іске 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып 3 айға жұмысы тоқтатылады және келесі бап бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 3 жылға жұмысы тоқтатылады. Алматыда 92 құқықбұзушылық ісі тіркеліп, 19 млн 513 мың 200 теңгеге шықты. Олардың 3 және 6 айға жұмысы тоқтатылды. Бүгін біз сот орындаушыларымен бірге 7 материал бойынша жұмыс жүргізіп жезөкшелікпен айналысатын 7 орынға мөр бастық», – дейді Алматы қаласы ІІД-ның Түрксіб аудандық жергілікті полиция қызметінің жетекшісі, полиция майоры Фархат Сбанбаев.

DSC00198

Полицейлер притондардың көбі орналасқан Сейфуллин көшесіне шектеу қояды.

Мұнда иелері жер үйлерді сағатқа, күніне жалға бере отырып ақша жасайды. Олармен бірлесе жұмыс істегендер де қылмыстық жауапқа тартылады.

«Жыл басынан бері Сейфуллин даңғылынан 1 326 адам жауапқа тартылды. Оладың 728-не ескерту жасалып, 21 азаматша қамауға алынды. 577-іне айыппұл салынды. Аталған мекен-жай бойынша қоғамдық орындарда жыныстық қатынасқа тарту ісі көп болған. Мұндай әрекеттер үшін 1 млн 951мың 320 теңге айыппұл салынады. Тексеру барысында интимді қатынас ұсынған 11 шетел азаматшасы ұсталды. Олар от шешімімен елден қуылды», – дейді Сбанбав.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан жол апатынан қаза табатындар саны бойынша бірінші болып тұр

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

АҚШ-та ер адам квадрокоптер арқылы біреудің жатын бөлмесін тамашалаған

Үнді азаматы әйелі секпен айналыспай қойғаны үшін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

Талқылау