Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам квадрокоптер арқылы біреудің жатын бөлмесін тамашалаған

Америкадағы Орем қаласының полициясы өзге біреудің үйіндегі терезе алдына келіп қатып қалған квадрокоптерді ұстап алды. Ол үйдің жатын және дәретхана бөлмесін түсіріп тұрған.

5650081t81h8637

Фото: Postimees

Бұл туралы UPI агенттігі хабарлайды.

Дронды жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған. Аппарат қайта ұшып кетуге әрекеттенгенімен, оны ер адам жібермей ұстап алған. Нәтижесінде квадрокоптер шіркеу жанындағы тұраққа тоқтап, полицияның қолына түседі. Оны басқарып отырған адамды ұстау мүмкін болмаған.

Дронның карта жадынан тәртіп сақшылары жатын бөлмесі мен дәретханада түсірілген біраз видеоны тауып алған.

Роликтердің біріне құрылғының иесі де түсіп қалыпты. Полиция күдіктіні таныдық деп отыр. Ол бұған дейін жыныстық қатынасты бақылау ісі бойынша сотталған екен. Тәртіп сақшылары оған Фейсбук арқылы хабарласып, ерікті түрде берілуін сұраған.

Оқи отырыңыз:

Техаста оқушысымен төсек қатынасына түскен мұғалім оның сексуалды тәжірибесіне баға қойып отырған

Оқушы қыз желіге порносуреттерін жариялап “жұлдызға” айналды

Лондонда қуыршақтармен секс қызметін ұсынатын кафе ашылмақ

Мектеп мұғалімі бұрын өзінің порнороликтерге түскені жария болған соң қызметінен кетті

Талқылау