Алматыда жезөкшелер мен нашақорлардан мезі болған жұрт шу шығарды
Алматылық тұрғындар ауласындағы нашақорлар мен жезөкшелердің қоқысынан аяқ алып жүруден қалған. Ары-беріден соң пайдаланылған ине аула балаларының аяғына қадала бастапты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Егіліп жатқан нашақорларды бұл балалар ауласында күнде көретін болған. Оған алаңдаған ата-аналарының қолынан келер қайран жоқ. Түрксіб ауданындағы бірнеше көшенің тұрғындары осылай нашақорлар мен жезөкшелерден көресіні көріп отыр.
-“Жолдың қыздары осы жерде көрмей, клиентпен бірге келгенін осы жерге, машина қойып, білгенін істеп, олар нетіп жатыр да. 03:45 Біздің балалар енді осының бәрін, бәленің бәрін көріп, соның бәрін істейді ертең. Шприцті тауып, темекіні тауып, ауызға салып, қолға салып, ертең неше түрлі ауруларды табады”, – дейді Алматы қаласның тұрғыны Гұлмира Құсайынова.
Ауру табуы бек мүмкін. Өйткені, жерде шашылып жатқан инелер кішкентайлардың аяғына кіре бастаған.
Ал қыздардың өзі қымсынуды қойған. Тіпті тілшілерді көре сала тас ала жүгірді.
Түрксіб ауданындағы Сейфуллин, Щербаков, Чернышевский көшелерінің аумағы осы инеге отырғандар мен түнгі көбелектердің ордасына айналған. Олардың қорлығына төзе алмай зар илеген тұрғындардың жанайқайына жергілікті әкімдік мынадай жауап қайтарды.
– “Ауланың тазалығына тек пәтер иелері кооперативі жауапты. Әкімдік заң тұрғысынан ол ұйымның ісіне араласа алмайды. Дегенмен, тазалық компаниялары аудан аумағын қоқыстардан күнде тазартып отырады. Ал мына жағдайда тек бір әкімдіктің қауқары жеткіліксіз”, – дейді Түрксіб ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Борис Жалғасбаев.
Жезөкшелер мен нашақорлар жойылмайынша аулалардың ластануы да тоқтамайтын сыңайлы. Өйткені, мәселені біржақты ету үшін әкімдік өкілдері қоғам болып жұмылып, түнгі кезекшілік шараларын қолға алу керектігін айтып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
50 жастағы жезөкше ер адамдардың қартаң әйелдерге неге қызығатынын айтты
Қазақстанда қыздарды Сирияға жезөкшелікке аттандыратын ағым жұмыс істеуде
Ақтауда жезөкшелер клиентке таласып көшенің ортасында төбелесті
Нашақорлыққа салынып, ВИЧ- ауруын жұқтырғандар өз тағдырлары жайлы ашық айтты