Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік жігітінің танысы ол туралы шындықты жайып салды

18 қыркүйек күні Алматы қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне тап беріп, соққыға жыққан Түркия азаматының тұлғасы анықталды.

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік жігітінің танысы ол туралы шындықты жайып салды

Сурет: “Алматы” арнасы

Бұл туралы «Алматы» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Анықталғандай, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдаған жеңіл көлік жүргізушісінің есімі – Әли Демир. Ол 28 жаста. Сонымен қатар ол тізгіндеген көлік өзге адамдардың атына рәсімделгені белгілі болды.

«Көлік менің атыма рәсімделген. Алайда біз оны 4 ай бұрын сатып, күйеуімнің танысының көлігін сатып алдық. Ол Түркия азаматы болғандықтан, көлікті өз атына рәсімдей алмады», – дейді Volkswagen көлігінің иесі Айгүл Озкылыч.

Ал Айгүлдің күйеуі Еркан өзінің танысының әрекетіне қайран қалып отыр. Желіде өзінің де суреттері тарап кеткендіктен, оқиға салдарынан ол да зардап шеккен. Ендігі Еркан Әлиді сотқа бермек ниетте.

Ерлі-зайыпты Әли Демирге көлігін сатып, артынша сақтандыру полисін жасап беруге келіскен. Алайда отбасы оның жол ережесін жиі бұзатынын білмеген.

«Айыппұл көптеп келетін. Алайда ол бәрін төлеп отырып, түбіртектерді жіберіп жүрді. Мен олардан көлікті өз атына рәсімдеуін сұрадым. Бірақ үнемі мүмкіндіктері болмады», – дейді Айгүл Озкылыч.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау