Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас ана өзінің сәбиін 2 мың долларға сатып жіберді

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің сәбиін сатуға дайындаған жас әйелді ұстады.

704588

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының тумасы 1994 жылы туған әйел өзінің отбасы – күйеуі және екі баласымен бірге пәтер жалдап тұрады екен. Ол үшінші балалы болғысы келмеген. Алайда өзінің жүкті екенін білген кезде одан құтылу үшін сатып жібермек болыпты.

Күйеуінің үнсіз келісімін алғаннан кейін ол бүкіл туыстары мен таныстарына әлі өмірге келмеген баласын сататынын айтып жария етеді. Айтпақшы, оның жезөкшелікпен айналысып, Түрксіб аудандық полиция бөлімшесіне де бірнеше мәрте бас сұққанын айта кету керек. Алматы ІІД қызметкерлері жедел әдіспен оның “әріптестері” арқылы ақпаратты анықтап, іске кірісіп кетеді.

Ол ақыры сатып алатын адамды тауып, 2000 долларға саудалауға келіседі. Баланы сатып алуға арналған банконттың сериялық нөмірін полиция қызметкерлері алдын ала анықтаған.

7 наурыз күні Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде жас ана ұлды болады. Сәбидің салмағы 4 келі, ал бойы 55 см. Екінші күні ол сәбиімен бірге үйге келіп, “сатып алушыны” шақырады. Пәтерде сатып алушы әйел баланы алып, ал нәрестенің анасы 290 000 теңгеге ие болады. Бұл кезде екеуі бір-біріне қолхат жазып береді.

Айырбастау аяқтала салысымен пәтерге полиция қызметкерлері кіріп келіп, заңсыз бала сату ісінің үстінен түседі. Қазір істі қарап жатыр. Әйел “кәмелетке толмаған баланы саудалағаны” үшін жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз:

Мәжіліс депутат бэби-бокс орнату мәселесін тағы көтерді

Шымкентте қошқар көтеруден жарыс өтті

Ақтөбеде жетім баланы “қашсаң өлтіремін” деп қорлап мал бақтырған

Әкелері жоқ, анасы жұмысқа жарамайтын отбасының балалары пакет жинап күн көріп жүр (фото)

Талқылау