Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қошқар көтеруден жарыс өтті

Шымкентте ерекше сайыс өтті. Ереже бойынша қатысушылар қошқар көтеруден жарысуы тиіс, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкентте қошқар көтеруден жарыс өтті

Көбіне еліміздің оңтүстігінде тойланатын қазақтың сейіл мерекесіне орайластырылған жарысқа салмағы 60 келі тартатын қошқар тігілген. Тәуекел еткендердің қарасы да қалың. Сайыс ережесі бойынша қошқарды иыққа салған азамат бір орында отырып-тұрып мойындағы жүгін барынша көбірек көтеру керек. Қошқар сол жеңімпаздың жетегінде кетеді.

Сондықтан болар аламанға қатысушылар саны да көп болған. Арасында тіпті, жасы елуге тақаған жігіт ағалары да жүр. Көтере алмай құлап, жұртты күлдіргендер де кездесіп жатты. Ал, жеңімпаз болып Созақтан келген, 22 жастағы Акбар Елубайұлы танылды. Еркін күрестен спорт шебері атағы бар ол 60 келілік қошқарды 70 рет көтерді.

“Аталарым мықты болған ғой. Әрине, аттың құлағында ойнап, қымыз ішіп жүрген”, – дейді сайыс жеңімпазы Акбар Елубайұлы.

 

Талқылау