"Алматыда жағдай өте күрделі": Тоқаев Мирзиеевпен қалалардағы экологияны талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысының "Таза ауа" бастамасын қолдайтынын білдіріп, оның Қазақстанның ірі қалалары үшін де өзекті екенін атап өтті.
"Таза ауаға қатысты бастамаңызды ерекше қолдайтынымды айтқым келеді. Ташкенттің экологиялық жағдайына байланысты алаңдаушылығыңызды толық түсінемін. Бізде де Алматыда жағдай өте күрделі. Алматы, өкінішке қарай, әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың қатарына енді. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Егер қарсы болмасаңыз, бүгін осы “Таза ауа” бастамасын екі ел президенттерінің қолдауымен, үкіметтер деңгейінде бірлесіп жүзеге асыруды ұсынар едік. Менің ойымша, бастамаға біздің елдердің қоғамы да, халықаралық қауымдастық та оң көзқарас білдіреді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті бастама аясында көптеген іс атқаруға болатынын атап өтті.
"Бұл жергілікті билік органдары мен кәсіпкерлерді экология мен табиғатты қорғау мәселесінде жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандырады", – деді Тоқаев.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 11 сәуірде Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұхара қаласындағы әуежайда оны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қарсы алды. Сапар аясында екі ел басшысы бейресми кездесу өткізіп, Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды. Онда Құран оқылып, екі халыққа амандық пен береке тіленді. Бұл сапар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, мәдени және рухани байланысты нығайтуға бағытталған.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты