"Планетада адам саны шектен тыс артады": Ғалымдар экологиялық дағдарыс қаупі туралы дабыл қақты

Ғалымдар болашақта Жердегі халық саны ерекше қарқында өсуі мүмкін деп ескертеді. Қазіргі кезде адамзат планетадан өз қажеттілігінен көп нәрсе алып отыр, және бұл жағдай егер тез шаралар қолданылмаса, үлкен дағдарысқа әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зерттеуге сәйкес, 2070 жылдардың соңына дейін әлемде 12,4 миллиард адам өмір сүретін болады. Бұл Жердің ресурстарына үлкен жүктеме түсіреді. Қазірдің өзінде, әлемде шамамен 8,3 миллиард адам тұрады және ғалымдар бұл – Жердің әлеуетінің шегі екенін айтады.
Зерттеу көрсеткендей, егер адамзат экологиялық шектеулерді сақтап, жайлы және экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етілген өмір сүрсе, халық саны тағы 2,5 миллиардқа артуы мүмкін.
Ғалымдар соңғы екі ғасырдан астам демографиялық деректерді талдап, экологиялық өсу модельдерін қолданған. Бұл арқылы олар халық өсімі мен оның болашаққа әсерін зерттеген.
Нәтижелер шок тудырады. Ғалымдар адамзат табиғатқа тым көп қысым жасап, Жердің ресурстарын шектен тыс пайдаланып жатқанын ескертеді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды