Алматыда велосипедке арналған жолды матамен жауып тастау ұсынылды (видео)
Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші Әділ Лиян Алматыдағы веложолға байланысты ренішін жеткізді. Абай мен Абылайхан көшелері қиылысындағы веложүргіншілерге арналған жолға қоршау қойылып тұйықталып тасталған. Ол шара қолдануды сұрап қала басшылығына өтініш айтты.
Продюсер өте ұятты жағдайдағы мынадай жолды, Астанадағы мүсін секілді матамен жауып тастау керек деген пікірде.
“Бұл велосипедке арналған жолды да көйлекпен бүркеп тастайық. Шетелдіктер көрсе өте ұятты нәрсе. Балаларымыз көрсе, демек қоршаудан секіріп жүре беруге де болады ғой деп ойламай ма? Велосипедтерге тез арада тыйым салу керек. Бұл біздің дәстүрімізде, табиғатымызда болмаған нәрсе. Ал егер шындап кіріссек онда веложолды төмен қарай Құрманғазы көшесіне дейін созып тастау қажет. Құрметті @akimat_almaty мына жолды жөндеңіздерші. Рахмет”, – деп жазды Лиян бейнежазбаны жүктей отырып өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Талқылау