Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболда ұлының орнына “шенеуніктің баласын” қойғанына ашуланған анасы жағдайды баяндады

Каппрованың сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Дания құрамалары футболшыларының алаңына шығарылатын сегіз “шенеуніктің баласын” сол бойы тізімнен алмаған.

a1cda4c206c760eee806314b907822c7

Қазақстан-Дания футбол матчының төңірегіндегі даулы жағдай туралы мәлімдеген алматылық ересек ойыншылармен бірге алаңға ұлының шыққанын айтты. Матч қарсаңында ұлдың анасы Альбина Каппарова алаңға ересек ойыншыларды шығаруға тиіс болған спорт мектебінің тәрбиеленушілерін, олардың арасында өзінің ұлы да бар, кенеттен футболға қатысы жоқ сегіз “шенеуніктің баласына” ауыстырып жергенін мәлімдеген болатын.

“8 баланы сол бойы ауыстырған жоқ, Әлішерді қойды, бірақ 2007 жылғы команданың басқа баласын алып тастады!!! Бұл не? Мені арым мазалайды!!! Әлішер 2006 жылғы командада жаттығады, мен ол баланы танымаймын да! Бапкер өзін сол жасауға мәжбүрлегенін айтты! Мен өзге балалардың үстінен өткен болып тұрмын! Немесе осылайша, жасаған ісіме өкінуім үшін әдейі аяғымнан шалған! Енді менің ұлым 2007 жылғы баланы шығарып жіберді деп айтар? Немесе мен бір нәрселерді түсінбедім бе? Неткен жеркенішті!!! Күшім де қалмады!!!”, — деп жазды Каппарова Facebook желісіндегі парақшасында.

Қазақстан футбол федерациясында Facebook желісіндегі алдыңғы постқа “бұл мәселені қоздырмауды” сұраған болатын. Альбина Каппарованың өзі федерацияның жауабын оқып, кезекті пост жазып, ҚФФ-ны спорт мектебі баларының орнын басқан 8 баланың тегін жариялауды ұсынған.

Айта кетейік, 10 маусым күні футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Дания құрамасынан ұтылды. Ойында қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Тағы да оқыңыз:

Қырғыздар шетелдік студенттерге тізерлеп тұрып кешірім сұратқызды (видео)

Қарағандыдағы жол апаты: Жігіттің аузына темір арматура кіріп кетті (видео)

ДАИШ 8 елге теракт жасайтынын мәлімдеді

ЭКСПО-да белгісіз ер адам Түркіменстан президентіне тұра ұмтылды (видео)

Талқылау