Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда террорға қарсы операцияның аяқталғаны хабарланды

Алматы қаласы аумағында лаңкестік қауіптіліктің “қызыл” деңгейі алынып тасталды, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес бойынша шұғыл штабынан.

12556457

Фото: newskaz.ru

“Алматы қаласы аумағында лаңкестік қауіптіліктің “қызыл” деңгейі алынып тасталды. Заңсыз әрекет жасаған күдікті ұсталды. Ұстау барысында ол қарсылық көрсетті. Сондықтан қарусыздандырылды. Қазір ұсталған күдікті қамауға алынды. Жедел және әлеуметтік кешенді шаралар барысында мынадай жәйттер анықталды. Бүгін таңертең күдікті жеке такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады. Соның салдарынан жас әйел – таксидегі жолаушы қаза тапты. Қазір қалада жағдай тұрақталды. Қауіп-қатер сейілді. Құқық қорғау органдары жағдайды толығымен бақылауға алды”, – делінген хабарламада.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды.

Талқылау