Алматыда сарбаз ант қабылдау рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото. видео)
Алматы қаласындағы әскери-техникалық мектептің түлегі ант қабылдау рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады.
Өзінің махаббатын білдірген жігіт, тізерлеп тұрып қызына сақина ұсынды. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша ант қабылдау рәсімі 28-панфиловшылар саябағында өткізілген. Рәсімге 150 адам қатысты. Бағдарлама шарасы аясында АК-74-ті шашып-жинау, қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсету, саптық дайындықтар жасалды.
Ант беру рәсімі аяқталғаннан кейін түлектердің бірі 23 жастағы қатардағы Нұрқасым Еламан салтанатты түрде өзінің сүйіктісіне барша қатысушылардың көзінше ұсыныс жасады.
Нұрқасым Еламан бокс және жүзу спорты бойынша спорт шеберлігіне кандидат екен.
“Оқу қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер “ату” мамандығы бойынша әскери билет алады. Алматыда әскери-техникалық мектепке оқушылар қабылдау жылына 7-8 рет өткізіледі”, – делінген Алматы қаласы бойынша қорғаныс департаменті баспасөз хабарламасында.