Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицей өзгенің отбасылық суретіне анайы қылық көрсетіп түсіп қалған

Алматыда полицей ер адам Қостанай тұрғындарының отбасылық суреттеріне кедергі келтірген.

9898

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жайсыз оқиға теміржол вокзалында болған. Вагонға отырар алдында Алматыға келген қонақтар суретке түсуді ұйғарады. Кадрға ішкі істер басқармасының қызметкері де ілініп қалған. Отбасының естелік суретінде ол ортаңғы саусағын шошайтып тұра қалады.

Жас жігіт қызметте жүргенін ұмытып кетсе керек. Сурет авторларының айтуынша, оқиға үш күн бұрын болған. Вокзалда алматылықтар қонақтарын шығарып салған екен. Полицейдің ыңғайсыз қылығын олар тек үйге келген соң байқаған. Сосын суретті әлеуметтік желіге жүктеген. Желі қолданушылары болса тәртіп сақшысының жазалану керектігін айтып жатыр.

Ал ІІМ болса кіші сержанттың өрескел қылығына қатысты қызметтік тексеруді бастап та кетті. Ол қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ. Полицей ішкі істер органдарына бір жыл бұрын жұмысқа кірген.

“Әрине, жас жігіттің өмірін құртып, жұмыстан қуылғанын қаламаймын. Тек бұлай істеуге болмайтынын айтып, онымен кеңес жүргізілсе. Сәйкесінше жұмысқа енді орналасып жатқан өзге қызметкерлерге де солай түсіндірілуі керек. Бұл өздеріне сабақ болады,” – деді Қостанай тұрғыны Динара Айтөреева.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық шекарашылардың былығын ресейлік әріптестері әшкерелеп берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр