Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық шекарашылардың былығын ресейлік әріптестері әшкерелеп берді

Олар жалпы салмағы 4 тоннаға жуық бағалы бекіре балығы тиелген жүк көлігін Ресейге өткізіп жіберген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

65324_b0

Тек контрабандистердің жолын кескен ресейлік әріптестері біздің шекарашылардың әрекетін әшкерелеп отыр. Балық тиеген жүк көлігі «Қараөзек» бекетінде қолға түсті. 4 тоннаға жуық мұздатылған бекіре, шоқыр және қызыл балықтар көліктегі арнайы жасалған құпия орынға жасырылған.

Заңсыз жүктің қара базардағы құны 35 миллион теңге шамасында. Қазір елімізде құнды балықтарды қорғауға арналған «Бекіре» арнайы операциясы жүріп жатыр. Бірақ соған қарамастан, бекіреге лық толы көліктің Құрманғазы ауданындағы «Котяев» бекетінен қалай өтіп кеткені әзірге белгісіз. Құзырлы орындар да түрлі сылтау айтып, түсініктеме бергілері жоқ.


Талқылау