Алматыда өткен айтыста Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алып, 5 млн теңгені иеленді
Алматыда өткен жылдың қорытынды айтысында танымал айтыскер Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Алматыда айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының ұйымдастыруымен өткен дода екі күнге жалғасты. Айтыста Асанәлі Әшімов, Нұртөре Жүсіп, Серік Қалиев, Бауыржан Қалиолла, Дәулеткерей Кәпұлы қазылар алқасының қатарынан табылды.
Жылдың қорытынды айтысында Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды. Оған 5 млн теңгемен қатар «Айтыс ақтаңгері» деген атақ берілді.
Ал бірінші орын – Жансай Мусинаға бұйырса (1 млн теңге), екінші орынды Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанхан (500 мыңнан) иеленді.
Үшінші орынға Ершат Қайболдин, Тілеген Əділов, Халижан Білдəш ие болды.
Айта кетсек, айтыстың ашылуында Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шақыру үшін, халықтан рұқсат сұрады.
Оқи отырыңыз:
Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)
Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін
Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады
Баян Мақсатқызының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы эфирден көрсетілмейтін болды