Алматыда мың шаршы метрге жуық жер жанып кетті
Күні кеше түнгі сағат 23:30 шамасында Жетісу ауданының 101 нөміріне алапат өрт туралы хабар түскен. Чернаморская 12 «А» көшесіндегі КЖО өртеніп кеткен екен. Техникалық қызмет көрсету станциясының шатырының өртеніп жатқанын жекеменшік үй тұрғындары көріп қалған.
Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
«Мен көшеге темекі тарту үшін шыққан болатынмын. Кенет мұрныма күйіктің иісі келді. Артынша ғимаратқа жақындап оның шатырының өртеніп жатқанын көрдім. Бірден өрт сөндірушілерді шақырдым. Олар шамамен 10 минуттан кейін келді», – дейді тұрғындардың бірі.
Аталған ғимарат бастапқыда техникалық қызмет көрсету орталығы болғанымен, артынша КЖО-на айналған. Соңғы 2-3 жыл ішінде ол көше кезбелерінің панасына айналып үлгерген екен. Өрт сөндірушілер алауды тек 50 минуттан кейін ауыздықтап үлгерген. Жапа шеккендер жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Қолтырауын цирк қызметкерінің басын жұлып тастай жаздады (видео)
Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)
Талқылау