Алматыда көз жұмған оқушы өлерінен бір күн бұрын ермексаздан ажал белгісін жасаған
Алматыда сабақ үстінде көз жұмған 5-сынып оқушысы жайлы атасы айтып берді, деп хабарлайды stan.kz КТК арнасының сайтына сілтеме жасай отырып.
Дәрігерлер 5-сынып оқушысының өкпе тұсындағы қантамырлары жарылып кеткен деп отыр. Нақты себебі алдағы уақытта хабарланады. Атасының айтуынша, немересі былтыр 5 рет есінен танған.
“Жедел жәрдем қызметі 7 минут өткен соң келген. Бірақ олар келгенше немеремнің демі үзілген. Әлі де арамызда жоқ екеніне сене алмаймыз. Заттары сол күйі тұр. Соңғы рет ермексаздан ажал белгісін жасапты. Бірақ біз оған мән бермедік. Өзі 90 келі ауыр салмақты көтере алмайтын. Көп қозғалғысы келмей, оның орнына сабақ оқитын еді”, – дейді атасы.
Оқушының салмағы 90 келі, бойы 1,80 метр болған. Атасы немересінің сол ауыр салмақты көтере алмай жиі есінен танатынын айтты. Дене шынықтыру пәнінен де сол үшін босатылған. Оның орнына дойбы, шахматпен айналысқан.
Мұғалімдері де баланың сабақты жақсы оқығанын айтады.
“Сабақты жақсы оқитын еді. Тек бір-екі үштік бағасы болды. Математиканы жақсы көретін. Шахмат, тоғызқұмалақ ойнайтын. Өзі мейірімді еді. Бәрін жұдырықпен емес, сөзбен шешу керек деп жүретін”, – дейді мұғалімі мектеп директоры міндетін атқарушысы Бақыт Бопанова.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстандықтарға шетелден төмен пайызбен несие ұсынатын алаяқтар пайда болды