Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кондуктор «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырып, бет-аузын көгертті

Жолақысына бола, жасөспірімді ұрып-соққан жігіт пен автобус жүргізушісі осы әрекеттері үшін полиция бөлімшесінде жауап беріп жатыр, деп хабарлайды КТК.

Оқушы қызға қасында бірге келе жатқан сыныптасы араша түсіпті. Кондуктор оның да бет-аузын көгертіп берген. Салдарынан, оңбай таяқ жеген жасөспірімдер қазір ауруханада жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолақы жинаушы жігіт қыздың оқушы екеніне сенбей, толық төлемақыны талап етіпті. Бірақ, оқушының «Оңай» картасында ондай қаржы болмай шыққан.

Салдарынан ортада қып-қызыл төбелес басталып, кондуктор оқушы қыздың жағынан ұрып сындырыпты. Жолаушылармен жаға жыртысқан жүргізуші мен кондуктор көп ұзамай оқиға орнынан тайып тұрған. Десе де, қоғамдық көлікке мініп қашқандар алысқа ұзай қоймады. Ал басынан дау арылмаған «Грин бас» автопаркінің қожайыны болса, жасөспірімдерді жұдырықтағандар жұмыстан шығарылады деп кінәні жуып-шайды.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда кондуктор үйленіп автобустармен той кортежін жасады (видео)

Өскемендік жігіт 20 жасында сүндеттелгенін айтты

Голливудтің атақты актері өзінің гей екенін мойындады

Талқылау