Алматыда көлік жүргізушісі өзіне жол бермеген әйелді “балаларың өліп қалсын” деп қарғап кетті (видео)
3 тамыз күні Алматыдағы Айнабұлақ-3 ықшамауданында кешкі сағат 19:00 шамасында адам шошырлық жағдай болды.
Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
Chevrolet көлігін тізгіндеген ер адам әйелді соғып, оның баласына өлім тілеген. Бұл тура жолдың бойында емес, тротуарда болған. Көлікте отырған жас жігіттің жас келіншектің жолына тұрып алады. Сірә, ол өзіне жол босатады деп күтсе керек. Жас жігітті тротуардың жаяу адамдарға арналғаны ойлантпаса керек.
Әйел де айтқанынан таймай балаларымен бірге көліктің алдына тұрып алады. Жас жігіт ақыры оларды айналып өтуге бел байлайды. Ал өтіп бара жатып әйелге қарата “Балаларың өліп қалсын” деп айтып кеткен.
Оқи отырыңыз:
Семейде екі ай бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы қыз Астанадан табылды
Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды
Америкалық мұсылмандар бір апта ішінде джинсы хиджабтарды талап алып кетті
Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді