Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік қағып, талдың түбіне тастап кеткен 5 жасар бала тамақ жеп, сөйлей бастады

Алматы қалалық Балаларға жедел көмек көрсету орталығының дәрігерлері Шығыс айналма жолда көлік қағып, талдың түбіне тастап кеткен 5 жасар баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда көлік қағып,талдың түбіне тастап кеткен 5 жасар бала тамақ жеп, сөлей бастады

«Баланың жағдайы – тұрақты ауыр. Оны нейрохирургия бөліміне ауыстырды. Ол анасымен бірге жатыр. Сөйлеп, тамақ жей бастады. Пациент тиісті ем қабылдауда. Алайда әлі де әлсіз. Сауығып кетуі үшін қанша уақыт қажет екенін айту қиын», – дейді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед  Рузуддинов.

Дәрігерлердің пікірінше, зардап шеккен бала ауруханада әлі бір ай жатады. Баланың қолы мен оң аяғының қызметі нашарлаған екен.

«Оң жақ аяқ-қолында салдану  белгісі байқалады. Яғни аяқ-қолы әлі де әлсіз болып тұр. Бала бас сүйек-ми жарақатыны ашық түрін алған. ота жасалды. Сондықтан бірдеңе деп айту қиын. 2-3 аптаның ішінде үйіне жіберіледі деп үміттенеміз.

Қазіргі уақытта ол ем алып, мидағы қан айналымын жақсартатын дәрі-дәрмек, сонымен қатар дәрумендермен емдеу терапиясын қабылдайтын болады», – дейді бас дәрігердің орынбасары.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау