Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік қағып, тал түбіне тасталған 5 жасар бала есін жиды

Алматыдағы Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен 5 жасар бала есін жиды. Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Алматыда көлік қағып, тал түбіне тасталған 5 жасар бала есін жиды

Бүлдіршін есін жиғанымен, әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Өткен жұмада бала өздігінен дем ала бастағаннан кейін, жасанды жолмен тыныс алу құрылғысынан ажыратылды.

«Таңертең профессорлар тексеріп шықты. Бүгін бала есін жиды. Оны екі апта бақылап отырамыз, ал егер бәрі тұрақты болса, баланы профильдік бөлімге ауыстырамыз», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен. Кейіннен, дәрігерлер баланың әлі де комада жатқанын хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау