Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоқыстан денесі бөлшектеніп табылған ер адамды ойын приставкасы үшін өлтірген

Алматыда екі жігіт ер адамды ойын приставкасы үшін мүшелеп тастаған. Дерек бойынша сот тыңдауы басталды.

1479555628155_bulletin

Бұл туралы Евразия бірінші анасы хабарлайды.

23 және 24 жастағы қос азамат қатыгездікпен адам өлтірді деп айыпталуда. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі ойын приставкасын жалға алып, қайтармағаннан кейін жанжал шыққан. Марқұм болған ер адамға ол 80 мың теңге қарыз болыпты.  Еске салайын, 7 қыркүйекте Алматыдағы қоқыс контейнерлерінің бірінде мүшеленген адам денесі табылған еді. Мәйіт пакетке оралған. Қаза тапқан адамның туыстары айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрауда.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекке қараған түні Алматының қоқыс контейнерінен белгісіз адамның басы мен аяқ-қолдары табылды. Кейін көз жұмған адамның кім екені және оны қай жерде өлтіргені анықталғаны туралы хабарланды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Денесі бөлшектеніп табылған марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалған.

Талқылау