Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қайыр сұрап жүрген әжей: Қайтем енді, азын-аулақ тиын жинасам көмір алам

Алматыда қайыр сұрап жүрген егде жастағы әйел мұндай күйге қалай түскенін айтты.

Суретті желі қолданушысы Zaira Armiya жариялады.

Қалада қайыр сұрап жүрген әйел арқа сүйейтін ешкімі жоқ екенін, амалы таусылған соң ақша сұрауға мәжбүр болғанын айтады.

“Қайтем енді… Ұлымның жылдығын өткізем деп қарызға кіріп кеттім. Сол қарызымды жапсам, отырмаймын бүйтіп. Үйде от жағам ғой, көмір 25 мың боп кетті, ал пенсиям 23 мың. Өйткені жұмыс істемегем. Күйеуім баяғыда қайтыс болған. Жалғыз қалдым. Тек көмір жанымды қинап барады, ал тамақтың керегі жоқ, бір нан жауып алсам, сол жетіп жатыр қыстан шыққанға.

Фотоға түсірме! Интернетке саласың ба? Керегі жоқ! Ұят болады! Ертең көршілерім көрсе мазақ қылады “неге шулатып қаңғып жүрсің” дейді. Қызылордадағы туыстарым көрсе ұят. “Алматыға көшіп, тозып кетіпті” деп айтады. Мешіттен көмір сұрап ем, бермеді. “Өзіміздің қарызымыз бар” дейді. Осында азын-аулақ тиын-тебен жинасам, күніне 2 мыңдай, аяз түскенше көмірге құрап алармын…”, – дейді әжей.

Желі қолданушылары бұл әжейді қайдан табуға болатынын сұрауда. Оған жұмыла көмектесетінін де айтқан қайырымды жандар да табылып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда жағдайы жоқ әйел бір шелек көмір ұрлағаны үшін  қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Ет 100 теңге, жұмыртқа 5 теңге: Қазақстанда 1995 жылы азық-түлік бағасы қандай болды

Талқылау