Қостанайда жағдайы жоқ әйел бір шелек көмір ұрлағаны үшін  қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Сәрсенбі, 15 Қараша , 2017 8:35

Қостанай облысында Ряжское деген ауыл бар. Енді бұл ауылдың атауын қазақстандықтардың бәрі бірдей біле бермеуі мүмкін. Өйткені, облыс орталығынан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл ауылда ұялы телефонды да екінің бірі ұстамайды. Ал ғаламтор деген түсінік мүлдем жоқ. Суық жақ,-деп жазды 31 арна.

Сондықтан, бұл өңірге қар да, аяз да ерте түседі. Бұл елдімекенді неге айтты деп ойлап отырған шығарсыздар? Осы ауылдың  қарапайым тұрғыны жақында тоңғанынан 20 келі көмір ұрлап ұсталды. Іс тіпті сотқа дейін жетті. Біздегі заң кімдерге ғана қатал екені осыдан-ақ түсікті шығар! Өз күнін өзі  көріп жүрген әйелді сотқа тартқан судья, аса ауыр қылмыскерді ұстағандай, 180 теңге материалдық шығын келді деп жар салды.

Жиырма келі көмір ұрлағаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған  52 жастағы әйел Қостанай қаласынан 300 шақырым қашықтық жерде орналасқан Ряжское ауылының тұрғыны.

Аяз ерте түсіп, қысқа қамдана алмай қалдық деген ана, үйін жылыту үшін ауылдағы фельдшерлік пункттен қараусыз жатқан көмірді алып кетіпті. Үйін солай жылытпақ болған Татьяна Күзембаевада тіпті ұялы телефон да жоқ екен. Істі болған әйелмен көршісінің телефоны арқылы ғана сөйлесе алдық.

«Суық тез түсіп кетті. Біз ештеңе сатып алып үлгермедік. Үй салқын болды. Сосын барып көмір алдым да, үйге әкеліп пешті жақтым. Болды. Сот өтті. Ыңғайсыз, әрине»,-дейді  Кузембаева Татьяна.

Ал Ряжское ауылындағы әкімдіктегілер болса, көмір ұрлаған әйелдің бір қызы және азаматтық некеде күйеуі бар екенін айтады. Отбасында да тек күйеуі ғана жұмыс істейді екен. Тұрмыстары төмендеу дейді. Айтуларынша, 52 жастағы әйел бұған дейін де қара отынды ұрлап, бірнеше рет ескеру алған екен. Ұрлығын тимаған соң сотқа шағымдануға тура келіпті.

«Ол сол күні ішімдік ішкен. Ойланбай істеген. Іс сотқа дейін жетті. Сот болды. Алайда шығын көп болмағандықтан, екі жақ келісімге келді»,-дейді Ряжское ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Иван Сорокин.

Әрине, ұрлықты ешкім де ақтамайды. Бірақ, жиырма келі көмір үшін жауапқа тартылған әйелдің әрекетіне біреулер халықты осындай күйге түсірген биліктегілер кінәлі десе, енді біреулері ұрлықты жоғарыдан тоқтату керек деп санайды.

— Үйінде отын жоқ шығар. Көмірді амал жоқтан ұрлайды.

— Жоғарғы жақтың өздері ұрламайды ма! Әуелі өздері ұрлайды, миллиардтап. Халық соны істейді.

Көмір ұрлығы бойынша істі қараған Ұзынкөл аудандық соты мән жайды түсіндіруден бас тартты. Бір белгілісі «Өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша жүргізілген іс екі жақты келісімнен кейін тоқтатылған. Шығын 180 теңгеге бағаланыпты.

Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың намысына тиген әйелді орнына қойды

Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келінінен көрген қорлықтарын жайып салды

Бет-аузы қан болған Айсұлу Әзімбаева жұртты шошытты (фото)

Қазақстандық жұлдыздар қазақ тілінде сөйлеуге жарыса шақыруда

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар