Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі жол апаты: Автобус соқтығысып 40-қа жуық адам зардап шекті (фото)

Алматыда бүгін, 11 мамыр күні №63 бағыттағы жолаушылар автобусы мен Mercedes Gelandewagen автокөлігі соқтығысып, аса ірі жол апаты болды.

Безымянный

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Жол апатына неміс иномаркасын тізгіндеген жүргізуші кінәлі екен. Автобус жүргізушісінің айтуынша ол Райымбек даңғылымен шығыс бағыттағы қоғамдық көлікке арналған жолақта келе жатқан. Потемкин көшесінің қиылысына жете бере оның алдында қарсы бағытта келе жатқан Mercedes Gelandewagen көлігі оңға қарай кенеттен бұрылыс жасап қалады.

5913ff002fc1f823530965

Екі көліктің де жылдамдықтары аса жоғары болғандықтан, автобус жүргізушісі тежеп үлгере алмай қалып, иномарканың қапталына келіп соғылады.

5913ff44bab3d671522916

Нәтижесінде автобус салонында болған 40-қа жуық жолаушыға шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған. Олардың бірқатары жедел түрде ауруханаға жеткізілу керек болады. Оқиғадан автобус жүргізушісі қатты зардап шеккен: ол отырған кабина мыжылып қалып, жүргізуші ол жерден сытылып шыға алмай қалады. Ол тек арнайы құтқару қызметі мен гидравликалық арнайы техника көмегімен ғана сыртқа шыққан.

5913ff09932a9622107740

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі де ауыр жараланды. Салонда отырған оның баласы да жарақаттанған. Дәрігерлер оларды да ауруханаға жеткізді.

5913ff10248a8243259886

Адамдар әлі медициналық мекемелерге жеткізіліп жатқандықтан зардап шеккендердің санын тап басып айту қиын. Жол апатына байланысты қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру басталды.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында бір отбасының үш бірдей баласы суға батып кетті

Алматыда зират басына барған журналист әйелді ұрып-соғып тонап кетті

Ақтауда қаза тапқан жасөспірім селфидің құрбаны болуы мүмкін

Петропавлда полиция автокөлігі 9 жасар баланы қағып кетті (видео)

Талқылау